Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Ел іші... 438 1 пікір 17 Қыркүйек, 2024 сағат 15:08

Маңғыстау облысы: Ұлттық спорт саласындағы жемқорлық

Сурет dauletten.kz сайтынан алынды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған факт облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру)  сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес  қылмыстық жазадан босатылған,  бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Abai.kz

1 пікір