Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Қоғам 243 0 пікір 19 Қыркүйек, 2024 сағат 13:16

Министрлік: Мопед жүргізушілерін анықтау мүмкін болмай тұр

Фото: ашық дереккөзден

Қазір елімізде 80 мыңнан аса мопед бар. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері арналған заңды бірінші оқылымда талқылау кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Қазіргі кезде «Сергек» және басқа да бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес. Яғни мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады. Ішкі істер министрлігі дерегінше, 80 мыңнан аса мопед бар. Қазір оларды тіркеу міндетті емес. Былтыр 12 айда мопедтерге қатысты 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тауып, 730 адам жараланды», — деді И. Лепеха.

Оның айтуынша, биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 48 адам көз жұмды, 1024 адам жараланды.

Айта кетейік, бүгін Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Осы орайда мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі.

 

Abai.kz

0 пікір