Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5422 0 пікір 14 Наурыз, 2014 сағат 05:01

Қасымов қандастардың өтінішін орындаудан бас тартты

Наурыздың басында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Қасымов Қ.Н мырзаның атына хат жолдаған болатынбыз. Бүгін сол хатқа орай министр мырзадан жауап та келіп жетті. Ел білсін деген ниетпен хат пен жауапты  қатар беріп  отырмыз.

Abai.kz

 

Құрметті Қасымов Қ.Н. мырза!

Наурыздың басында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Қасымов Қ.Н мырзаның атына хат жолдаған болатынбыз. Бүгін сол хатқа орай министр мырзадан жауап та келіп жетті. Ел білсін деген ниетпен хат пен жауапты  қатар беріп  отырмыз.

Abai.kz

 

Құрметті Қасымов Қ.Н. мырза!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 Қаулысымен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартына 2012 - жылы 28 - науырызда өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, ҚР Үкіметінің № 362 Қаулысымен бекіткенде, осы Стандарттың 11- бабының 2- тармағына енгізілген: "ҚР-да өзге де заңды негізде уақытша болатын адамдар: келген елінде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығына ие мемлекетінің жазбаша келісімін ұсынады делінген өзгертулерде өз қандастарымыздың мүдесі мүлде ескерілмеген (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090002102_#z0). Cебебі бұл анықтамалардың Қытайда мүлде берілмейтінін біз мына жерде (http://old.abai.kz/node/41201) айтқамыз.Қысқасы, К.Мәсімов Қаулысының (28.03.2012, №362) шартына сай, Елшіліктер келісім бермесе, қазақтарды бұдан былайғы жерде тұрақты тіркеуге тұрғызып, тарихи Отанында қалдыруға Қазақстан Үкіметінің қауқары жоқ. Содықтан, Өзіңіздің құзіретіңізді пайдалана отырып, тез з арада қандастарымызға Қытай Елшілігі беретін ана басы артық "СПРАВКА - ның күшін бірден жойуға, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын ең алдымен қандастарыңыздың тұрақты тіркеуге тұруына тиімді етіп жаңа Қаулы шығаруға үкіметке ұсыныс енгізуіңізді сұраймыз.!

Құрметпен,

Қандастарыңыз атынан Ахметұлы Бейсен,

www.abai.kz ұлттық порталы және Қазақия апталық газеті.

 

Қасымов Қ.Н мырзаның жауабы

Касымов К.Н. ЧЕТВЕРГ, 13 МАРТА 2014

"Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады және бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.

Заңның осы нормасы іздестіруде жүрген адамдардың, қылмыскерлердің, сондай-ақ экстремистік бағыттағы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына ену оқиғаларын болдырмау мақсатында қабылданып, көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсаттарды алу туралы өтініш білдірген кездегі міндетті құжаттар тізбесіне енгізілді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде азаматтық тиесілігі және (немесе) тұрақты тұратын мемлектінде соттылығы (соттылығының жоқ екені) туралы құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұруғақалдыру туралы өтініш білдірген кездегі құжаттар тізбесінен алып тастау мақсатқа сай емес деп ұйғарамыз.

Сұрау мен жауапты мына жерден көре аласыздар: http://blogs.egov.kz/ru/blogs/kassymov_k/questions/252777

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036