Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Қоғам 2039 2 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 12:14

Нұрлан Әбдіров: Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Фото:Kazinform

Қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Еске салайық, кеше қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда  дауыс беругше хақылы екені айтылды.

Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты»: exit poll  н,әтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.

Еуразиялық интеграция институты: Exit poll  нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2%%-ы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 735
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2038
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 513
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 486