Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Қоғам 761 0 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 15:49

Референдум: 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото:Kazinform

Бүгін елордада ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Леонид Анфимов 6 қазан күні Қазақстанда өткен референдумға қатысты пікір айтты.

«ТМД байқаушылары миссиясының сұрауы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратура референдум науқаны кезінде жолданған өтініштерге қатысты ақпарат берді. Олардың мәліметінше, осы уақыт аралығында заң бұзудың санаулы ғана деректері тіркелген. 24 адам республикалық референдумға қатысты сауалнама жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық істер қозғалған жоқ. Ішкі істер министрлігі референдумға қатысты бір ғана құқық бұзу дерегін, яғни ресми деректерсіз үнпарақтар таратылғанын хабарлады», - деді Л. Анфимов ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, ҚР ОСК-ға негізінен анықтамалық-ақпараттық сипаттағы 66 өтініш, сауал және ұсыныс келіп түсті. Олар заңда белгіленген мерзімде қаралып, өтініш берген адамдарға тиісті жауап берілді.

«Қазақстанда референдумды дайындау және өткізу барысында заң бұзу оқиғаларына дереу әрекет ету үшін қажет жағдайлар жасалды. 2024 жылғы 6 қазандағы референдум күні ТМД байқаушылары Қазақстанның 9 өңірінде – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызметін жүзеге асырып, 618 дауыс беру учаскесіне барды. Олар дауыс беру процесінің ашықтығы қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Мен өзім 10-нан астам учаскеге бардым және референдум өткізу жақсы ұйымдастырылғанына көз жеткіздім», - деді Леонид Анфимов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1517
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3288
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5861