Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Анық 4829 7 пікір 6 Қараша, 2024 сағат 11:17

Алмасбек Садырбай ұсталды: Анық-қанығы қандай?

Фото: adyrna.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алсасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде ақша жымқырумен байланысты алаяқтық әрекетін әшкереледі.

Агенттің бапасөз қызметінің хабарлауынша, А.Садырбай басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деген күдік келтіріліп отыр.

Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.

Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.

«Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алмасбек Садырбай бұған дейін ауыл шаруашылығы жөнінде пікірлерін ашық айтып, министрлікті сынға алып жүрген қоғам белсендісі.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2287
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 587
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567