Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4037 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 06:39

Патшайым Елизавета II немере інісі Кент ханзадасы Майкл ҚР студенттері үшін стипендиялар тағайындауға қызығушылық танытты

Астана. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Премьер-министр Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні  Қазақстанға жеке сапармен келген Патшайым Елизавета II немере інісі Кент ханзадасы Майклмен білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Премьердің баспасөз қызметінің хабарлауынша, К. Мәсімов ханзаданың назарын Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығындағы университет құру жобасына аударды.

«К.Мәсімов ханзаданың жобаға қатысуы университет үшін құнды болатынын атап көрсетті. Бұл оқу орнында жоғары білікті кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми қор құру жоспарланғанын жеткізді, - делінген таратылған хабарламада.

Өз кезегінде Майкл ханзада «Лондонның бизнес және экономика мектебі және Оксфорд университеті Қазақстан мен Ұлыбританияда оқитын студенттерге өзара стипендиялар тағайындау мәселесіне қызығушылық танытып отырғанын жеткізді», делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің анықтамасы бойынша, Кент ханзадасы Майкл бизнес қызметінен басқа, ғылым мен білім, мәдениет, экология және жануарларды қорғау, балалардың құқықтарын қорғау, авиация және көлік, спорт салаларындағы жобалармен айналысатын үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарды басқарады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2407
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 618