Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3456 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 06:40

Интернет трафикпен алмасу жөніндегі ұлттық орталыққа тағы бір компания қосылды

Алматы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Интернет трафикпен алмасу жөніндегі ұлттық орталыққа «ОБИТ-Телекоммуникации» ЖШС байланыс операторы қосылды. «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі сәрсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«Орталыққа қосылу компанияға сыртқы интернет арналарына жүктемені азайтып, ұсынылатын қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте, бұдан компанияның клиенттері ұтады: операторда оператораралық тораптары көп болған сайын, тұтынушының компьютерінен кез-келген интернет ресурсқа жол қысқара түседі. Кедергі аз, сенімділік жоғары», - деп есептейді қосылған компанияның директоры Алексей Карпов.

Орталықтың шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ, «Нұрсат», «Astel» және «Интелсофт» ЖШС, «Базис телеком», «Современные Телекоммуникационные системы»  және «ОБИТ–Телекоммуникации» өзара әрекеттеседі.

Интернет трафикпен алмасу жөніндегі ұлттық орталық Алматыда 2007 жылдың қазан айынан бері істейді. Орталық интернет қызметтер көрсететін отандық провайдерлерге  барлығы үшін қосылудың ортақ ережелері мен шарттары бойынша, стандартты пирингтік келісімдерге сәйкес, халықаралық арналарды пайдаланбай, қазақстандық трафикпен алмасуға мүмкіндік береді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5281