Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
Қоғам 863 5 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 16:33

Министр: «Қазақфильм» жабылмайды!

Фото: Қазақфильм

«Қазақфильм» киностудиясы тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағы қаралып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері ведомство басшысынан «Қазақфильм» дау-дамайға байланысты киностудия жабыла ма деп сұрады.

«Әрине, жабылмайды, мұны министр ретінде ресми түрде жариялаймын. Бұл – біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы «Қазақфильм» тарихымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл кәсіпорынды сақтап, оны дамыту – ұрпақ алдындағы парызымыз», - деп жауап берді Аида Балаева.

Оның айтуынша, бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің киностудияны тікелей қаржыландыруға құзыреті жоқ.

«Сондықтан қазір біз нақты шараларды қарастырып жатырмыз. Біріншіден, бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу, яғни «Қазақфильм» киностудиясын мемлекеттік тапсырыс арқылы және жекелеген тетіктер арқылы тікелей қаржыландыру керек. Осы орайда менеджерлік тәсілді қайта қараудамыз. Бүгінде Қазақфильмнің өзі де инфрақұрылымы да өте қиын жағдайда екенін айтқым келеді. Жалпы, қаржыландыру жоқ жерде даму туралы айтудың қажеті жоқ», - деп толықтырды Аида Балаева.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 875