Сәрсенбі, 20 Қараша 2024
Жаңалықтар 76 0 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 16:29

Өзбекстанға жеке куәлікпен өтуге рұқсат беріле ме?

Фото: ҚР СІМ баспасөзінен

Өзбекстан Қазақстан мен Тәжікстан шекараларынан ID картамен өту тәртібін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Олий Мажлистің Заң шығару палатасында Президент Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.

Көрші ел басшысы Орталық Азиядағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылатынын айтты. 2025 жылы Өзбекстан «Орталық Азия бестігінің» (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) кездесуін өткізеді. Бұл өзара байланысты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Одан бөлек Ш.Мирзиёев 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары Қырғызстан шекарасынан паспорт орнына ID-карта арқылы өте алатынын еске салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1372
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3154
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4817