Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Білім 509 1 пікір 26 Қараша, 2024 сағат 11:14

Министрлік: 55 мың мектеп пайдалануға берілді

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушы орнына арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 70 мыңға жуық орындық 55 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды іске қосу жоспарлануда», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Бұл мектептердің басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Жаңа мектептерде жайлы білім алу ортасын құру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Аталған өңірлердегі бұл мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде, 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639