Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Аласапыран 625 4 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 16:05

Украинадағы соғыс: Трамп не дейді, Зеленский не дейді?

Сурет: New York Post сайтынан алынды.

Дональд Трамп Ресей мен Украинаны келіссөзге шақырып, соғысты аяқтау керектігін айтты. Ол Украина билігі келіссөзді қалайтынын, ал Ресейдің көп әскери шығынға ұшырап, бұл соғыста жеңіліс тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды. 

«Путин бұл соғысты аяқтайтын уақыт келгенін ойлануы керек, өйткені ол жеңіліс тапты. 700 мың адамыңнан айырылған сәтте, сен тоқтайтын уақыттың келгенін түсіну керексің. Бейбіт келісім жасалмаса, бұл тоқтамайды», - деді Трамп New York Post сайтына берген сұхбатында.

Ал Зеленский былай дейді:

«Мен президент Макронға да, президент Трампқа да баса айттым: Путин бұл соғыстың біткенін қаламайды! Сондықтан оны мәжбүрлеу керек! Ол үшін Украина күшті болуы керек! Кез келген дипломатиядан бұрын соғыс алаңындағы күшті Украинаны жасау керек! Бұл дегеніңіз - күшті армия, қару-жарақ пакеттері. Бұл – ATACMS пен TAURUS. Бұл – Storm Shadow мен SCALP. Мұның бәрі бізге өте қажет», - дейді.

Трамп осыған дейін Ресейдің өлгені бар, жаралысы бар, жалпы адам шығыны 600 мыңды құрайтынын, ал Украинаның қаза тапқаны мен жаралысын қосқандағы адам шығыны 400 мыңды құрайтынын айтты.

Ал Пентагон басшысы Ллойд Остин: «Ресей 2022 жылдың ақпанынан бері қарай соғысқа 200 млрд доллар жұмсады. Ресейдің ең осыл жері – оның экономикасы. Сондықтан, санкцияларды күшейту керек. Путинді осылай ғана келіссөзге мәжбүрлеуге болады», - деп мәлімдеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1669