Депутат: Маңғыстау облысына құдыққа субсидия керек
Мәжілісте депутат Самат Мұсабаев ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы айтты.
«Маңғыстау облысы құдыққа субсидия бөлінбейтін жалғыз облыс. Осы өңірдің шаруаларының өтінішін жеткізіп отырмын. Су соратын насосқа берілетін субсидия 2 жыл бұрын алынып тасталды. Сол себепті 2023 жылы өңірде бірде-бір құдық қазылған жоқ. 2024 жылы бір ғана құдық қазылған. Маңғыстау облысы шөлді аймақ болғандықтан осы құдыққа берілетін субсидияны қайтаруды сұраймын», - деді депутат.
Abai.kz