Жұма, 25 Сәуір 2025
Қоғам 9624 0 пікір 16 Желтоқсан, 2024 сағат 18:38

Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алынды.

Алматыда Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдері қатысты.

Олар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындауымен аяқталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2247
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5150
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4420