Сенбі, 18 Қаңтар 2025
Саңлақ 224 2 пікір 17 Қаңтар, 2025 сағат 14:50

ҚФФ: Черчесов қызметінде қалады...

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталғанша жаттықтыратын болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президентті Марат Омаров айтты. 

"Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастыруда. Ол федерация президентімен кездесу өткізіп, әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық жоспарын талқылады. Наурызға дейін уақыт аз қалды, ешқандай өзгерістер күтілмейді, бәрі жұмыс тәртібінде. Федерация тарапынан бапкерге сенім бар ма? Әрине, ол командамен жұмысын жалғастыруда", - деді "Матч ТВ" арнасына Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры Қайсар Бекенов.

Бұған дейін Черчесов пен Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровтың кездескені жайлы айтылған еді.

Ресейлік маман 2024 жылдың маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалған. Бұл қызметте ол Магомед Адиевті ауыстырды. Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу құқығын ала алмады, қазіргі уақытта Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингінде Мавритания мен Намибияның арасында 110-орында тұр.

Abai.kz

2 пікір