Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Саңлақ 1876 2 пікір 27 Қаңтар, 2025 сағат 16:48

Футбол: Қазақстан құрамасы Черчесовтен құтылды

Сурет: matchtv.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті.

Федерацияның мәліметі бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Ресейлік маман Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда алған. Оның қарамағында ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында ойнап, топтық кезеңнің алты ойынына қатысты. Соның бесеуінде жеңіліс тапса, біреуін тең аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Дереккөзі: qaz365.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 759
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9734