Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан ОПЕК + келісіміне адалдығын растап, осыған дейін уәде берген міндеттемелерін толық орындайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі айтты, деп хабарлайды.
«Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады», – деп жазылған ведомство сайтында.
Оған сәйкес, Қазақстан 2024 жылға артық өндірісті өтеуі керек және 2025-2026 жылдары белгіленген шарт аясында ғана мұнай өндіруі тиіс.
Қазақстан ОПЕК+ ұйымына мүше болғалы бері мұнай өндірісін келісетін болған. Бірақ соңғы жылдары ұйым шеңберіндегі міндеттемесін бірнеше рет бұзып, келіскен көлемнен де артық мұнай өндірді. Былтыр қаңтар-қазан айларында қара алтынды 1,11 млн баррельге артық шығарды.
Abai.kz