Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4481 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:03

Қазан айының алғашқы күндері Қазақстанға Бразилияның бизнес делегациясы келеді – СІМ

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ– Бразилия Федеративті Республикасының даму, өнеркәсіп және халықаралық сауда министрінің орынбасары Иван Жоао Гимараес Рамальо бастаған бизнес делегациясы Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (ҚР СІМ) баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

«Бразилиялық делегация сапары барысында қазақстандық мемлекеттік органдар мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу, онда секциялық  дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланған. Оның мақсаты - қазақстандық және бразилиялық бизнес өкілдерінің арасындағы байланысты орнату», - деді І. Омаров апталық баспасөз брифингінде.

Делегация құрамына 40-тан астам бразилиялық кәсіпкер енеді. Олар - авиация, тау-кен өндіріс, энергетика, металлургия, телекоммуникация, медицина, химия, жеңіл өнеркәсіп салалары мен аграрлық сектордың өкілдері.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629