Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Жаңалықтар 201 0 пікір 10 Ақпан, 2025 сағат 14:39

Алматының эпидемиологиялық жағдайы қандай?

Сурет: vecher.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы қаладағы эпид жағдай туралы мәлімет берді.

"Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 19 091 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші – 832,75. Бұл аурудың 62,6% балаларды қамтиды (11 959 жағдай). Эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан бері тұмаудың зертханалық расталған 168 жағдайы, оның 121-і А типі А/H1N1 және В типі – 47. Науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа да вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп және маусымдық коронавирустар айналымда жүр, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Маманның айтуынша, зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталған: риновирус – 16, парагрипп – 3, РС – 12, аденовирус – 1, бокавирус – 1,5 сынамада маусымдық коронавирус (зеттелген 145 сынаманың 38-де оң нәтиже). Метапневмовирус тіркелген жоқ.

Abai.kz

0 пікір