Жұма, 23 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3746 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:07

Назарбаев қазан айының басында Әзербайжанға сапар жасайды

Астана. 28 қырқүйек. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға сапары 2 қазанда өтеді, деп мәлім етті ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

«Қазақстан-әзербайжан қатынастарындағы екі жақты және көп жақты форматтардағы өзара ықпалдастық екі ел басшылары келіссөздерінің басты тақырыбы болмақ», - деді І. Омаров дүйсенбі күні апталық баспасөз брифингінде.

Ол энергетика, транзит және көлік жүйелері, ауыл шаруашылық, білім, туризм, мұнай жабдықтарын шығару, халықаралық теңіз қатынасы салаларындағы ынтымақтастық және бірлескен көлік-логистикалық компанияларды құру мәселелері талқыланатынын жеткізді.

Бұдан басқа, Н. Назарбаев Нахчыванда 3 қазанда өтетін түркі тілдес мемлекеттер басшыларының  9-шы саммитіне қатысады, деп атап көрсетті Ә. Омаров. «Жоғары деңгейдегі бұл кездесу өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Соның ішінде, түркі тілдес мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, көлік, туристік, энергетика салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету жайы қаралмақ», - деді ол.

Саммиттің қорытындысы бойынша декларация қабылданып, көп жақты және екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге бағытталған бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2814
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4552