Дүйсенбі, 24 Ақпан 2025
Санкция 109 0 пікір 24 Ақпан, 2025 сағат 17:02

Аустралия мен Жаңа Зеленандия Ресейге санкция салды

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Аустралия мен Жаңа Зеландия Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш жыл толғанына орай Мәскеу мен оның одақтастарына жаңа санкциялар салды.

Австралия билігі "қара тізімге" Ресей қорғаныс министрінің орынбасарларын қосты. Бұдан бөлек, Ресей мемлекеттік кеңесінің хатшысы Алексей Дюмин мен Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский санкцияға ілікті.

Жалпы Ресейдің 70 азаматы мен 79 мекемесіне, соның ішінде "Россотрудничество", Ресей ұлттық гвардиясы ("Росгвардия") мен бірқатар әскери кәсіпорынға жеке санкция салынды.

Бұған қоса, жаңарған "қара тізімде" Беларусь әскери-өнеркәсіп комитеті мен Солтүстік Корея қарулы күштеріндегі жоғары лауазымды тұлғалары да бар.

Жаңа Зеландия Ресейдің 52 азаматы мен мекемесіне санкция салды.

Abai.kz

0 пікір