Дүйсенбі, 24 Ақпан 2025
Аймақ 105 3 пікір 24 Ақпан, 2025 сағат 17:11

ШҚО-да тағы екі ауданның уақыты шегерілді

Сурет: pixabay.com сайтынан алынды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді.

24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Бұл өзгерістер таңның ерте атуы мен кешкі батуымен байланысты. Осылайша, тұрғындарға күндізгі уақытты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беріледі. Шешім жұртшылықпен талқыланғаннан кейін қабылданды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ бұл бастаманы жер-жерде талқылады, - деп хабарлады аудан әкімдіктерінен.

Abai.kz

3 пікір