Енді әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады.
Құжат арқылы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі, оны жасасудың және сабақтар, жиындар өткізу тәртібі айқындалады. Келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалатын болады, ал жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар мен жиындар ай сайынғы үш күнге дейінгі сабақтарды қоса алғанда, жылына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақытты алады.
Abai.kz