АҚШ-тың USAID-ты реформалауы қалай жалғасуда?

АҚШ мемлекеттік департаменті АҚШ халықаралық даму агенттігіне (USAID) жасалған реформаның бірінші кезеңінің нәтижесін жариялады.
Бұл туралы "Америка дауысы" сайты хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп USAID реформасын басқаруды мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға тапсырған. Оның мақсаты "сыртқы саясатты әкімшіліктің "Бірінші кезекте Америка" дейтін бағдарламасына сәйкестендіру" деп айтылды.
Мемлекеттік департамент шет мемлекеттерге көмек көрсету бойынша жалпы сомасы 15,9 млрд доллардан асатын 9 мыңнан астам грантты бағалаған.
USAID-тің бағалауынша, жалпы сомасы 58 миллиард долларлық тағы 6 мыңнан астам бірнеше жылға берілген грант қалып отыр. Болжам бойынша, тексеру аяқталғаннан кейін жобаларға қаржы бөлу көлемі 92 пайызға азаяды.
"Америка дауысы" сайтының мәліметінше, USAID азық-түлік көмегі, АИТВ (ВИЧ), туберкулез және безгекті емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізу бағдарламаларын сақтап қалған.
Abai.kz