Жексенбі, 9 Наурыз 2025
Билік 696 2 пікір 7 Наурыз, 2025 сағат 19:07

Әуежайдағы оқиға: Президент Мұса Әбдірайымды марапаттады

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Президент Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған күдіктіні залалсыздандырған Мұса Әбдірайымды мемлекеттік наградамен марапаттады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», - деп жазылған Ақорда жарлығында.

Бүгін Алматы әуежайында болған шетін оқиғадан жалпақ жұрт түгел дерлік хабардар болды. Пышақ ұстаған әлдебір ер адам әуежай қызметкерін кепілдікке алып, қоғамды дүрліктірді.

52 жастаға Әбдірайым Мұса Сайранбайұлы «күдіктіге» кепілдегі қызды босатуда талап етіп, орнына өзін кепілдікке алуды ұсынған. Күдікті келіскен. Көп ұзамай, Мұса Сайранбайұлы күдіктінің қолындағы қаруды тартып алып, өзін тұтқындауға көмектесткен.

Abai.kz

2 пікір