Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Өзгелер 826 0 пікір 12 Наурыз, 2025 сағат 15:21

9 жыл түрме жазасы. Михаил Саакашвилиге тағы бір үкім оқылды

Сурет: IRAKLI GEDENIDZE.

Тбилиси соты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді 9 жыл түрме жазасына кесті. Оған “ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды” деген айып тағылған. Бұл Саакашвилиге қарсы қозғалған қылмыстық істердің бірі ғана. Бұл жөнінде Mtavari телеарнасы хабарлады.

Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бері түрмеде отыр. Грузияға оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Екі іс бойынша үкім (6 жыл түрме) ол Грузияға оралғанға дейін сырттай оқылып қойған.

Саакашвилидің өзі тағылған айыптармен келіспейді және істердің саяси астары деп санайды.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 829
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 954
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 922