Сәрсенбі, 19 Наурыз 2025
Маңызды 200 1 пікір 18 Наурыз, 2025 сағат 15:26

Креативті индустрияны дамыту қоры құрылады...

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Жыл соңына дейін елімізде креативті индустрия қорымен қатар бірнеше өңірде креативті хаб құрылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті.

- Біріншіден, Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 1 шілдеге дейін креативті индустрияны дамыту қорын құруы керек. Оның негізгі мақсаты - инвестиция тарту, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ отандық шығармашылық өнімдердің экспортына жәрдемдесу болуға тиіс. Сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, шығармашылық жобаларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын енгізу қажет.

Екіншіден Премьер-министр Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және Қаржы министрлігі мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың алдына жыл соңына дейін 2026-2030 жылдарға арналған креативті саланы одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу керек.

Үшіншіден Ақмола, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері жыл соңына дейін облыс орталықтарында креативті хабтар құруы қажет. Олардың базасында креативті индустрия өкілдері жобаларды қаржыландыру үшін инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайтын пәрменді алаңдар құрылуы керек, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Үкімет отырысында белгілі болғандай, былтыр креативті тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспорты 250 млрд доллардан асып түсті.

Abai.kz

1 пікір