Кәрім Көкрекбаев ісі сотқа жіберілді

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот процесі сегіз айға созылып, әлі күнге дейін үкім шықпаған. Антикоррупциялық қызмет бұл жағдайдың себебін түсіндірді.
Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, іс сот қарауында, бірақ тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат беру мүмкін емес.
“Іс сотқа жіберілді, қазір қаралып жатыр. Алайда тергеу мүддесіне байланысты егжей-тегжейлі мәліметтерді жариялай алмаймыз. Әзірге нақты шешім жоқ, қандай да бір пікір білдіруге құқығымыз жоқ,” – деді Құрақбаев.
Дереккөзі: adyrna.kz
Abai.kz