Сенбі, 3 Мамыр 2025
Билік 1137 0 пікір 8 Сәуір, 2025 сағат 14:19

Қазақстан мен Сербия. Президенттер не туралы сөйлесті?

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 780
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 909
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 871