Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Анық-қанығы 382 0 пікір 14 Сәуір, 2025 сағат 19:51

Блогерлерге салық салынатын болды ма?

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, қазір Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге арналған арнайы салық режимін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Бұл – цифрлық экономиканы заңдастырудың және көлеңкелі табыстарды азайтудың бір жолы. Қазір әлеуметтік
желілер арқылы табыс тауып отырған блогерлер саны күннен күнге артып келеді.Курстар сатады, жарнама жасайды, ұтыс ойындар ұйымдастырады, тауарларын өткізеді. Бірақ табыс тапқан әрбір азамат салық төлеуге міндетті екенін естен шығармауы керек», дейді депутат.

Қазақстанда блогерлердің салықтық мәртебесі қандай?

Егер блогер тұрақты түрде табыс тауып отырса, ол:

Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеліп, патент немесе оңайлатылғандекларация режимімен салық төлей алады;

Немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) арқылы тіркелуге құқылы.

«Әлемнің дамыған елдерінде блогерлердің табысы толықтай салыққа тартылады.Мысалы, АҚШ-та блогерлер фрилансерлер ретінде салық декларациясын тапсырады. ЕО елдерінде жарнама мен демеушілік табыстар нақты есепке алынады. Корея мен Жапонияда салық органдары әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылау арқылы кірісті автоматты түрде анықтайды. Ал кез келген бизнес табыс тапса – салық төлеуге міндетті. Қаржы ашықтығы – сенім кепілі», деп мәлімдеді депутат.

Дереккөз: Мың теңге телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1938
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4753
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3901