Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Деп жатыр 190 0 пікір 21 Сәуір, 2025 сағат 12:57

301 блогер салық төледі

Cурет: Егемен Қазақстан гәзетінен алынды.

Мемлекеттік кірістер комитеті биыл камералдық бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам азаматқа салық бойынша хабарлама жіберген Олардың ішінде 854 блогер бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық органдарының мақсаты – барлық жеке тұлғаның, соның ішінде блогерлердің де табысынан салық төленуін қамтамасыз ету. Бұл жұмыс камералдық бақылау арқылы жүргізіледі. Яғни салық органдары салықтық есептіліктерді, мемлекеттік деректерді және өзге де ақпарат көздерін сараптап, сәйкессіздіктерді анықтайды.

«2025 жылы осындай бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам жеке тұлғаға, оның ішінде 854 блогерге хабарлама жіберілген. Бұл хабарламаларда табыс пен салық есебінде сәйкессіздік бары көрсетіледі. Бүгінде 301 блогер өз табысын мойындап, жалпы сомасы 9,4 млрд теңгені декларациялаған. Нәтижесінде олар мемлекетке 520,7 млн теңге жеке табыс салығын төледі, - делінген редакциямызға берген ресми жауапта.

Салық органдары блогерлерге қатысты ешқандай арнайы тексеріс жүргізілмейтінін мәлімдеді. Камералдық бақылау барлық салық төлеушілерге бірдей жүргізіледі. Блогерлер жеке тұлға ретінде қарастырылып, тек салық төлемеген жағдайда ғана ескерту алады.

Хабарлама алған азаматтар оған 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек. Егер көрсетілген заңбұзушылықтармен келіспесе, салық органына түсініктеме жолдауға құқылы. Ал еш жауап берілмесе немесе түсінік дәлелсіз болса, толық салықтық тексеріс тағайындалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2091
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4962
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4180