Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Саңлақ 143 0 пікір 28 Сәуір, 2025 сағат 19:24

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Спорттық гимнастика: Мысыр астанасы Каирде өткен Әлем кубогі кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими топ жарды. Ол еркін жаттығу финалында 14.133 ұпай жинады.

Дзюдо: Таиландтың Бангкок қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары төрт қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Ғалия Тынбаева (48 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг) және Максим Мейірлан (90 кг) бар.

Волейбол: Филиппинде өткен әйелдер командалары арасындағы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз финалда Вьетнам клубын 3:1 есебімен жеңді.

Таэквондо: Қытайдың Тайань қаласында аяқталған President’s Cup – Asian Region халықаралық турнирінде отандық спортшылар үш медаль жеңіп алды. Самирхон Абабакиров (63 кг) күміс жүлдегер атанса, Батырхан Төлеуғали (80 кг) мен Азиза Қаражанова (53 кг) қола медаль иеленді.

Көркем гимнастика: Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы топтық сында үздік үштіктің қатарына енді. Команда құрамында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Велоспорт: Қытайда аяқталған велотректен Hong Kong International Track Cup турнирінде қазақстандық велошабандоздар 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2405
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5351
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4620