Сейсенбі, 6 Мамыр 2025
Қоғам 233 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 19:36

Шерзат Болат ісі: сотталушылардың ата-аналары шу шығарды

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысында сотталушылардың ата-аналары шу шығарды.

Олар соттан процеске қатысып жатқан журналистерге қатысты шара қолданып, залдан шығаруды сұрады. Сотталушылардың ата-аналарының сөзінше, куәлер мен айыпталушылардың қарсылығына қарамастан, олардың кейбірін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Судья сотқа қатысушы журналист, мобилографтарға ескерту жасады.
Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеевке айып тағылды.

Сотталушылардың туыстары видеоны осы адвокат таратып жіберді деп отыр. і. Алайда заңгер бұл айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1569
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1720