Сенбі, 17 Мамыр 2025
Қылмыс 234 0 пікір 16 Мамыр, 2025 сағат 20:24

Астанада синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды

Сурет: total.kz сайтынан алынды.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордаға синтетикалық есірткі жеткізу арнасын анықтап, жойды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар Достық шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде психотроптық заттарды жасырын өндірумен айналысқан.

Тінту барысында есірткі жасауға пайдаланылған заттар – химиялық реактивтер, электрплиталар, пластик және шыны ыдыстар, вакуумдағыш, бояғыштар және басқа да құрамдас бөліктер тәркіленді. Сонымен қатар, таратылуға дайын 5 килограмнан астам синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Күдіктілер есірткіні дайындауда «суық қайнату» деп аталатын жаңа әдісті қолданған. Бұл – жоғары температура қолданбай, химиялық реакциялар арқылы жүзеге асырылатын тәсіл. Аталған әдіс аса қауіпті болып саналады.

Есірткі құралдарының таралу арналарының жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2681
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4388