Дүйсенбі, 19 Мамыр 2025
Деп жатыр 129 0 пікір 19 Мамыр, 2025 сағат 20:15

Қазақстан Ермек Тұрсыновты қаржылық жағынан тексермек

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Режиссер Ермек Тұрсыновты қаржылық жағынан тағы бір тексеріп алу ойластырыла бастады.

Отбасы мүшелері Испанияның Барселона қаласында тұратын, өзі де сол жаққа көшкен режиссер Ермек Тұрсынов осы қадамын «саясиландырып» жібергендіктен, оның соңғы 5 жылда мемлекет қаржыландырған фильмдеріне аудит басталуы мүмкін. 4 жыл бұрын түсіріліп, 500 миллион теңге қаржы жұмсалып, прокатқа шықпаған «Беймойнақ» фильмінен бастап, күдік туғызған басқалары бейресми түрде бір тексерілетін болады.

«Ермек Тұрсынов барлық дерлік фильмдерін бюджеттің қаржысын пайдалану арқылы түсірді. «Келін» де, «Шал» да, басқа да туындылары бар, жеке инвестор іздеп, продюсер ретінде бір жүгірмеді. Заявка береді, бюджеттен ақша түседі, ол кино түсіреді. Ол бюджеттен ақша тартуда өзінің қалыптасқан беделін жақсы пайдаланды. Бірақ тиімділікпен мүлдем бас ауыртпады. Оның түсірген фильмдері қаржы тұрғысынан ешқашан өзін ақтаған емес. «Бәрін мемлекет төлесін» деген ұстаныммен өмір сүретін осындай «қайраткерлердің» кесірінен «Қазақфильм» өзін асырай алмайтын дотациялық, банкроттық жағдайда отыр», - аудиторлық палатаға жақын DALA INSIDE дереккөзі..

«Көп нәрсе қамауда отырған экс Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиге байланысты болып тұр», - дейді. Ол көптен бері мерзімінен ерте босап шығуға ниетті. Осы мақсатына жету жолда экс министр тергеу органдарына Ермек Тұрсыновқа қатысты тың ақпараттарды жеткізгісі келсе, тергеуде жаңа эпизодтар пайда болуы мүмкін.

«Жаңа Қазақстан» режиссердің ендігі риторикасын саралайтын болады. Конструктивті емес, деструктивті сын, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» шашылған артық сөздер көбейсе идеологтар режиссерді бұдан әрі қорғаудан бас тартары анық. Қазір тергеу тек Тұрсыновтың серіктесіне қатысты бағытта жүруде. Бірақ бәрі тез өзгеріп кетуі мүмкін.

Дереккөз: DALA INSIDE

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2723
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4471