Сәрсенбі, 4 Маусым 2025
Алаң 828 0 пікір 2 Маусым, 2025 сағат 14:33

Шерзат ісі: Прокурор қандай жаза сұрайды?

Суреттер: paryz.kz, sadaq.kz, kaztag.kz сайттарынан алынды.

Шерзат Болатты өлтіру бойынша прокурор айыпталушыларға 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы «ҚазТАГ» жазды.

Дүйсенбі күні өткен соттағы жарыссөз барысында прокурор Дана Сарсенбай Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталғандарға келесі мерзімдерді сұрады:

Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) – 23 жыл;

Равиль Сакиев – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі (кісі өлтіру), 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) – 20 жыл;

Шыңғыс Белғожаев – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Дархан Аскентай – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Нұркияс Ілиясов – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап бойынша (ұрлық) – 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) – ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жасар Шерзат қайтыс болды, кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды.

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл істі жеке бақылауына алды. Кейін белгілі болғандай, бұл іске байланысты жеті адам екі айға қамауға алынған. Сонымен қатар, 7 қазанда марқұмның туыстары Талғар қаласында наразылыққа шыққаны хабарланды. Осыдан кейін марқұмның туыстарының наразылығына байланысты тексеру басталды. 8 қазанда бұл істе жаңа деректердің анықталғаны туралы хабарланды.

12 қазанға қараған түні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында жасөспірімнің үйі өртелді. Полиция қылмыстық іс қозғап, Шерзат Болаттың отбасын қорғауға алды. Сонымен қатар, өрт болған кезде отбасы басқа жерде тұрып жатқаны белгілі болды. Бас прокуратура бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, өртті тергеуді өз бақылауына алды. Алматы облысының әкімдігі өртенген үйді қалпына келтіруге көмектесуге уәде берді.

Abai.kz

0 пікір