Жұма, 6 Маусым 2025
Жаңалықтар 489 0 пікір 4 Маусым, 2025 сағат 17:41

Жапаров экс-президент Атамбаевқа амнистия беруі мүмкін

Сурет: 24.kg сайтынан алынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жақында 11 жарым жылға сотталған елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды АКИpress.

"Мен "соттың жұмысына араласпау керек" деп үнемі айтамын. Шығарылған шешімді заңсыз деп есептейтін болсаңыз, жоғары тұрған инстанцияларға шағым түсірген жөн. Соңғы нүктесін Жоғарғы сот қойсын. (...) Біз соттың жұмысына араласқан жоқпыз, алдағы уақытта да араласпаймыз", - деді Қырғызстан басшысы "Кабар" ұлттық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. 

Журналист Жапаровтан Атамбаев отанына оралған жағдайда қамауға алына ма деп сұрады.

"Ешкім сот шешімін өзгерте алмайды. Менің де құқығым жоқ. Бірақ менде рақымшылық жасау құқығы бар. Тиісті өтінішпен жүгінген жағдайда, рақымшылық жасауым мүмкін. Қой-Таш оқиғасынан бері алты жыл өтті. Меніңше, сот тым қатал болмауы да тиіс пе еді. Әрине, бұл – менің жеке пікірім. Пробация немесе айыппұлмен шектелген дұрыс болар ма еді.

Десек те, оқиғалар кезінде адам қаза тапты. Жүзге жуық адам жарақат алды. Сот қандай шешім шығарса да, ол заң аясында қабылданды. Біз оны орындауға тиіспіз", - деді ол.

Abai.kz

 

0 пікір