Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3054 0 пікір 6 Қазан, 2009 сағат 06:36

Қазақстан әлем саясатында қазіргіден де маңызды рөл атқаруы тиіс – Саркози

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ- Қазақстан әлем саясатында қазіргіден де маңызды рөл атқаруы тиіс. Франция президенті Николя Саркози Қазақстанға сейсенбі күні басталған мемлекеттік сапары қарсаңында «Казахстанская правда» газетіне сұхбат беру барысында осындай пікір білдірді.

«Қазақстан әлем саясатында бұдан да мәндірек рөл атқара алатынына біздің көзіміз жетеді. Біз соны қалаймыз», - деді Франция басшысы.

Мысалы, деді президент, ауғандық проблеманың ұзақ мерзімді шешілу жолы тек саяси болуы мүмкін, демек, ол үшін дамытуға қарқынды күш-жігер бағыттап, аймақтық өлшемдерге көбірек назар аудару керек. «Біз 2008 жылғы НАТО-ның Бухаресте өткен саммитінде дәл осындай стратегияны қабылдадық, оны Париж бен Гаагадағы Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияларда қуаттадық. Қазақстан өзінің экономикалық салмағы мен аймақтағы қуатты ықпалының арқасында сол кездесулерде қабыланған шешімдерді тез арада іске асыруда маңызды рөл атқара алады», - деген сенім білдірді Н. Саркози.

«Дәл осы себептен Франция сіздердің елдің кандидатурасын ЕҚЫҰ төрағалығына қолдады және біз осы маңызды миссияны табысты атқарып шығуға көмектесеміз... ЕҚЫҰ-ға төрағалық сіздің елге осы бағытта дамуға қосымша мүмкіндік береді. Франция Орта Азия мен Ауғанстан арасындағы байланыстың нығаюуын, сондай-ақ, ол елдің экономикалық оқшауланудан шығуын толығымен қолдайды», - деп атап көрсетті ол.

Президент Париж бен Астананың екі жақты қарым-қатынасының дамуына екерше мән береді.

«Қазақстан мен Францияның көптеген салалардағы мүдделері ортақ, бірақ біздің ынтымақтастығымыз алдымызда тұрған міндетттерге сай болған жоқ. Енді оны жаңа сапалы деңгейге шығаратын уақыт келді, - дейді Франция басшысы. – Осыған орай, 2008 жылы сіздердің мемлекет басшыларыңыздың Францияға сапары барысында біз стратегиялық әріптестік туралы келісімге отырдық. Бұл жай сөз емес. Бұл жерде елдердің арасында барлық салаларда ұзақ мерзімді келешекке бағытталған нақты ынтымақтастықты жолға қою туралы әңгіме болып отыр. Менің бұл жолғы сапарым бірқатар келісімдер мен келісімшарттарға қол қою арқылы белгілеген мақсаттарды іске асыруға, екі жылдың ішінде бұрын болмаған жоғары деңгейге көтерілген саяси диалогты тереңдетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын».

Сонымен қатар, Н.Саркози «Қазақстанның энергетикалық бағыттардың қиылысқан жерінде географиялық орналасуы, оның мұнай және газ қоры  бүкіл әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ірі ойыншы ретіндегі елдің рөлін айқындай түсетінін атап көрсетті. «Сіздің ел қуат тасымалдаушылардың бағыттарын әртараптандыруға тырысса, ал біз қуат көздерін жеткізушілерді әртараптандыруға тырысамыз. Сондықтан осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету біздің ортақ мүддеміз болып табылады», - деді ол.

Франция өнеркәсіп пен технологиялар саласындағы әріптестік байланыстарға қызығушылық танытады. «Бұл жердегі сөз жай сату мен сатып алу туралы емес, біз бірлесіп бірдеңе жасағымыз келеді. Бұған «Арева» және «ҚазАтомӨнеркәсіп» компанияларының атомдық энергетика саласындағы бірлескен жұмысы мысал бола алады. Бірақ мұндай ынтымақтастықты өнеркәсіп алыптарының арасында ғана дамыту дұрыс емес. Ол шағын және орташа кәсіпорындарды да қамтуға тиіс», - дейді Франция басшысы. «Сондықтан сапар барысында маған осындай кәсіпорындардың көптеген жетекшілері еріп жүр», - деді ол.

Сонымен қатар, екі ел білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуда. Францияның жоғары оқу орындары қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын. «Мәдениет саласында екі елдің арасында жақсы дәстүр қалыптасқан, - дейді Н. Саркози, - және мен олардың жалғасқанын қалаймын».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5571