Иранда Израиль шабуылынан 639 адам қаза болды

Иранда Израиль шабуылынан 639 адам қаза болды, - деп жазады Азаттық радиосы.
Вашингтонда шоғырланған Иран мәселесімен айналысатын құқық қорғау ұйымы Иранда Израиль шабуылынан кемінде 639 адам қаза болып, 1329 адам жараланғанын хабарлады.
Times of Israel басылымының жазуынша, бұл мәліметті Ирандағы адам құқығы ахуалы туралы жазатын Human Rights Activists ұйымы жариялаған. Құқық қорғаушылар бұл мәліметті Иранда жарияланған деректерді сараптай отырып жинақтаған.
Өздерінің дереккөздері арқылы да тексерген. Олар қаза болғандардың үштен екісінің аты-жөнін анықтай алған: 263 бейбіт тұрғын және 154 әскери құрылым өкілі.
Иран билігі 16 маусымда Израиль шабуылынан 224 адам қаза болғанын мәлімдеген.
Abai.kz