Сейсенбі, 24 Маусым 2025
Заң және Тәртіп: 166 0 пікір 24 Маусым, 2025 сағат 15:12

Egov мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады. Қосымшаның басты бетінде “Заң мен Тәртіп” батырмасы пайда болды.

Бұл батырма арқылы келесі жағдайлар туралы жедел хабарлауға болады:

- Қоғамдық тәртіпті бұзу

-Тұрмыстық зорлық-зомбылық

- Жол апаты

- Бала өміріне төнген қауіп

Хабарлама бірден полицияға түседі, қызметкерлер бірден әрекет етеді. Сондай-ақ бұл батырма кейбір банк қосымшаларына да енгізілген.

 Жобаның мақсаты – полиция мен халық арасындағы байланысты жеңілдету, жылдам әрекет ету және көмекті барынша қолжетімді ету.

Abai.kz

0 пікір