Дүйсенбі, 30 Маусым 2025
Ел іші... 173 0 пікір 30 Маусым, 2025 сағат 13:56

Электр энергиясының бағасы көтеріледі

Сурет: freepik сайтынан алынды.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Көкшетау қаласында электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы "Көкшетау Энерго" ЖШС мәлім етті. 

Тарифтер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілген.

Бағаның өсуіне электр энергиясын таратушы ұйымдар тарапынан көтерілген құн әсер еткен.

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін орташа сату тарифі 1 киловатт-сағатқа 29,89 теңгені құрайды.

Сараланған тарифтер мынадай:

  • Бірінші деңгей (айына бір адамға 100 кВт/сағ дейін) – 26,79 теңге (бұрын – 25,47 теңге);
  • Екінші деңгей (100–190 кВт/сағ) – 35,87 теңге (бұрын – 34,19 теңге);
  • Үшінші деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары) – 44,83 теңге (бұрын – 42,74 теңге).

Сонымен қатар, тұрмыстық емес мақсатта тұтынатын заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф 52,91 теңге болып белгіленді.

Ал ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар үшін тариф – 44,58 теңге/кВт·сағ деңгейінде бекітілді.

Abai.kz

0 пікір