Депутат «СК-Фармацияға» қатысты шағымданды

Депутат Бақытжан Базарбек дау болған «СК-Фармация» ЖШС үстінен бас прокуратураға өтініш түсірді. Ол фармацевтика саласына тексеру жүргізуді сұраған.
– Кеше мен «СК-Фармация» ЖШС-нің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, Бірыңғай дистрибьютордың және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың қызметіне қатысты Бас прокуратураға өтініш тапсырдым, – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында
Ол «жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысында мемлекетке айтарлықтай залал келтірген заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін бас прокуратураға төрт өтініш жолдау туралы шешім қабылдадым» деді. Бақытжан Базарбек жолдаған өтініштердің қатарында:
— «СК-Фармация» ЖШС мен фармацевтикалық индустрия субъектілерінің қызметіне қатысты;
— ӘМСҚ (МӘМС) және медициналық ұйымдарға қатысты;
— Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларға қатысты;
— 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Үкімет есебі бойынша бірқатар министрліктерге қатысты өтініштер бер.
Бір жыл бұрын жоғары аудиторлық палатаның денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС жұмысының тиімділігіне аудит жүргізген. Тексеру барысында дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттауы, 200 млн-ға артық сатып алу және 79 млн теңгеге тиімсіз дәрі-дәрмек алынғаны анықталған.
«СК-Фармация» ЖШС денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі және республикалық бюджет есебінен дәрі-дәрмектер мен медициналық техниканы сатып алумен айналысады.
«СК-Фармацияға» қатысты сұрақтар 2020 жылдың шілде айында басталды, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЖШС сол кездегі басшысы Берік Шарипті жұмыстан шығаруды тапсырды және қажет болған жағдайда тергеу жүргізуді ұсынды. Сол жылдың тамызында Шарип сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша қамауға алынды, прокурор оны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот айыппұл салып, сот залынан босатты.
Abai.kz