Қытай 75 елге визасыз режим енгізді

Қытай билігі визалық саясатты жеңілдетіп, шетелдік туристердің көптеп келуіне мүмкіндік жасап жатыр.
Енді 74 елдің азаматтары Қытайға визасыз кіріп, 30 күнге дейін бола алады. Мұндай қадамның басты мақсаты туризмді дамыту, экономиканы жандандыру. 2024 жылы 20 миллионнан астам шетелдік азамат Қытайға визасыз кірген.
Қытай COVID-19 шектеулерін алып тастағаннан кейін 2023 жылдың басында шекарасын қайта ашты. Алайда сол жылы елге тек 13,8 млн шетелдік келген. Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылғы 31,9 млн адаммен салыстырғанда екі есе аз.
2023 жылғы желтоқсанда Қытай Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Испания және Малайзия азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді. Сол уақыттан бері дерлік бүкіл Еуропа қамтылды. Соңғы айларда Латын Америкасының бес елі мен Өзбекстан, кейін төрт Таяу Шығыс мемлекеті визасыз режимге қосылды. 2024 жылғы 16 шілдеде Әзербайжан қосылып, бұл тізім 74 елге жетті.
Бұл елдердің шамамен үштен екісі визасыз кіру құқығын сынақ мерзіміне, яғни бір жылға алған.
"Жаңа визалық саясат біз үшін 100% тиімді," - дейді WildChina туристік агенттігінің бас директоры Дженни Чжао.
Компания халықаралық саяхатшыларға арналған эксклюзивті турларға маманданған. Оның айтуынша, пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда бизнесі 50%-ға өскен.
Trip.com Groupонлайн-турагенттігі визасыз саясаттың туризмге оң әсер еткенін айтады. 2024 жылдың алғашқы үш айында Қытайға бағытталған рейстер, қонақүйлер және басқа да турлар бойынша брондаулар екі есеге артқан және олардың 75%-ы визасыз режимдегі елдерден келгендерге тиесілі болған.
Африканың ірі елдерінің ешқайсысы әлі де визасыз режимге енбеген, дегенмен Қытаймен байланыстары тығыз. Ал Солтүстік Америка мен кейбір елдердің азаматтарына транзиттік визамен 10 күнге дейін елде болуға рұқсат берілген.
Визасыз тізімге кірмеген 10 елдің азаматтары Қытайға басқа елге ұшқан жағдайда 10 күнге дейін кіру мүмкіндігіне ие. Бұл ереже Қытайдағы 60 шекаралық бақылау бекетінде ғана қолданылады.
Транзиттік виза саясаты 55 елге таралған, бірақ олардың көбі 30 күндік визасыз тізімде де бар. Ал 10 күндік шектеулі визасыз режимге кіретін елдер қатарында: Чехия, Литва, Швеция, Ресей, Ұлыбритания, Украина, Индонезия, Канада, АҚШ және Мексика бар.
Еске салайық, бұған дейін 80 мемлекетпен визасыз режимдегі Қазақстан дипломатиясының ауқымы қандай екені жазылған болатын.
Abai.kz