Футбол: Айымбетов Еуропада ойнайды ма?

29 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов мансабын румыниялық “Рапид” командасында жалғастыруы мүмкін.
Абат Бухарест ұжымымен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Айымбетов "Адана Демирспордан" кеткелі 1 шілдеден бастап еркін агент статусында келеді. Түркия ұжымында шабуылшы жалпы алғанда 27 ойын өткізіп, 5 гол соқты.
"Рапид" жаңа маусым басталғанша, командаға орталық шабуылшы қосуды жоспарлаған. Бұған себеп, негізгі құрамның форварды Марко Бурмаздың ауыр жарақаты.
Айта кетейік, Бухарест ұжымы чемпионаттағы алғашқы ойынын 11 шілде күні "Арджешке" қарсы өткізеді.
Abai.kz