Трамп: Путиннің сөзінің бәрі өтірік!

Трамп Путинге қатты ашулы. Бүйдейді:
«Путинге көңіліміз толмайды. Менің көңілім толмайды. Мен мұны қазір-ақ айтамын. Себебі – ол көп адамды өлтіріп жатыр. Өлгендердің дені – өзінің сарбаздары. Апта сайын 7 мыңға жуық адам өліп жатыр (украин және орыс сарбаздары).
Біз Владимир Путиннің аузынан көп мәрте бос былшылды естідік. Айтқанының бәрі өтірік. Рас, ол әдемі сөйлейді. Бірақ, сөзінің бір мәні жоқ. Ал украиндер нағыз ержүрек екен. Олар керемет соғысуда және ерліктің шын үлгісін көрсетуде. Оған біздің де үлесіміз көп. Біз Украинаға көп қару бердік. Путин «3-4 күнде жеңемін» деген оймен соғыс бастаған болар. Бірақ, біз дер кезінде жеткілікті қылып қару бердік. Жавелиндерді айтыңыз, оны мен бергіздім. Бұл деген мықты қару. Біз басқа да қарулардың бердік», - деді.
Трамп Ресейге санкция салуды жоспарлап жатқанын БАҚ жазды. Ал Трамптың өзі: «Оларға (Кремльге) кішігірім тосынсый жасауды ойластырудамыз», - деді.
Abai.kz