Жұма, 11 Шілде 2025
Саңлақ 182 0 пікір 11 Шілде, 2025 сағат 13:22

"Ақтөбе" Варшавада жеңіліп қалды

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Польша астанасы Варшавада Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчта жергілікті "Легия" өз алаңында "Ақтөбе" клубын қабылдады.

Кездесудің 9-минутында қонақтар есеп ашқандай болған. Оралхан Өміртаев өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, допты қақпаға дәл бағыттаған еді. Алайда төреші офсайд тіркелді деп, голды есепке алмады. Осылайша "Ақтөбенің" тарихи голына офсайд кедергі келтірді.

"Легия" қарымта шабуылмен 25-минутта жауап қайырды. Армениялық жартылай қорғаушы Ваган Бичахчянның дәл соққысы алаң иелерін алға шығарды. Бұл матчтағы жалғыз әрі шешуші гол болды.

Ойын 1:0 есебімен аяқталып, жеңіс поляк клубының еншісіне жазылды. Дегенмен, бәрі әлі шешілген жоқ. Қарымта кездесу 17 шілде күні Ақтөбедегі орталық стадионда өтеді. Ел алдында өтетін матчта "Ақтөбе" есе қайтарып, келесі кезеңге өту үшін барын салмақ.

Abai.kz

0 пікір