Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3032 0 пікір 7 Қазан, 2009 сағат 06:31

Шығыс Қазақстанда облыстық деңгейдегі бес басшы ауысты

Өскемен. 7 қазан. ҚазТАГ – ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың жарлығымен облыс әкімінің жаңа орынбасары, аудан әкімі және үш облыстық департаменттің басшылары тағайындалды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс әкімінің сәулет, құрылыс, көлік және жолдар мәселелерін басқаратын орынбасары қызметіне 48 жастағы Серік Тәукебаев тағайындалды. Серік Тәукебаевтың білімі инженер-құрылысшы,  заңгер,  экономист. Кәсіби мансабын құрылыста бастаған, президент әкімшілігінде қызмет еткен. Соңғы уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Облыстық білім департаментінің басшысы болып 49 жастағы Ерсайын Нәбиев тағайындалды, ол бұған дейін Өскемен мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған.  Е. Нәбиев тарих пәнінің мұғалімі, екінші білімі заңгер және экономист, педагогика ғылымдарының докторы. Мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс және апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі облыстық басқарманың басшысы болып 51 жастағы Александр Каширин тағайындалды, ол бұған дейін Өскемен әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. Оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үлкен тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, ШҚО Тарбағатай ауданының басшысы ауысты. Оның әкімі болып 46 жастағы Манарбек Сапарғалиев тағайындалды. Бұған дейін М. Сапарғалиев Өскемен әкімінің орынбасары, кейін әкімі болып қызмет атқарған. Соңғы уақытта Алматының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін ауданды басқарып келген  60 жастағы Алдияр Әубәкіров облыстық мұрағат және құжаттар басқармасының бастығы болып тағайындалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572