Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Асқанға - тосқан 2481 0 пікір 25 Шілде, 2025 сағат 17:24

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы істің нүктесі қойылды. Сот екеуіне де нақты мерзімге жаза кесті.

Перизат Қайратқа алаяқтық жасап, миллиардтаған теңгені заңсыз иемденді және аса ірі көлемде қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырды деген айып тағылған еді. Ол қазақтар зардап шеккендерге көмек ретінде жинаған қыруар ақшаны жеке басының игілігіне жұмсаған.

Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылса, оның анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жыл түрме жазасы кесілді. 

Прокурор бұған дейін Перизатқа 10 жыл, анасына 8 жыл жаза сұраған болатын.

Судья Сабыржан Кәрімов сот үкімін оқып, Перизат Қайратты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») және 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Аса ірі көлемдегі қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыру») бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімі жарияланған бойда екеуі де қамауға алынды.

Сондай-ақ соттың шешімімен Перизат Қайрат мемлекет тарапынан берілген «Шапағат» медалінен айырылды. Іс бойынша тәркіленген барлық мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады.

Іс материалдарында айтылғандай, Перизат Қайрат жиналған қаржыға элиталы тұрғын үйлер, қымбат автокөліктер мен зергерлік бұйымдар сатып алған. Сот процесі ішінара жабық форматта өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1069
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710