Сенбі, 26 Шілде 2025
Билік 1929 0 пікір 25 Шілде, 2025 сағат 19:35

Маңғыстауда кәсіпкерлік және сауда саласындағы жобаларға қолдау көрсетілді

Маңғыстауда кәсіпкерлік және сауда саласындағы 156 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында кәсіпкерлік және сауда саласындағы 156 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде 150 жұмыс орнын сақтап, қосымша 81 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірдің кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолдауға ие болған 111 жоба субсидиялау құралы арқылы, ал 45 жоба кепілдік беру құралы арқылы жүзеге асырылды.

- Жергілікті бюджеттен әлеуметтік кәсіпкерлерге және "бір ауыл — бір өнім" бағдарламасының финалистеріне мемлекеттік гранттар беруге қаражат бөлінді. Қараша айында өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша 20 кәсіпкердің жобалары мақұлданды, соның арқасында 50 жаңа жұмыс орны ашылады, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Брифинг барысында Пікір Сансызбаев өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар белсенді іске асырылып жатқанын атап өтті.

-2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде көкөністердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін төрт шаруашылықпен форвардтық келісімшарттар жасалды. 2000 тонна картоп, 765 тонна сәбіз және 4,5 миллион тауық жұмыртқасын сатып алу жоспарлануда. Өңірдің 340 сауда нүктесімен әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін 15% - дан 10% - ға дейін төмендету туралы меморандумдарға қол қойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Маңғыстау облысы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ең тұрақты баға жағдайы бар бес өңірдің қатарына кіреді, - деді Пікір Сансызбаев.

Abai.kz

0 пікір