Елімізде қанша тұрғын үй пайдалануға берілді?

«Елімізде 9,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді» деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның құрылыс саласындағы өсу қарқыны сөз болған еді.
Серік Жұманғариннің сөзінше, құрылыс саласы ел экономикасында тұрақты өсім көрсетіп отыр.
«Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық», – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Abai.kz